top of page

Іске асу музыкасы 41 – бұл музыка тілінің элементтерін кездейсоқ және бір уақытта есептеп, саналған генерациясының бірегей әдісімен музыкалық шығарма тудыруға арналған эксперименттік зерттеу жобасы. EEGERU заманауи музыка ансамблі мен bULt жұмыс тобының, сондай-ақ ::vtol:: қатысуымен өткізген эксперименті – кездейсоқ символдардың мағыналарына бірлесіп шолу жасау және оның соңынан дыбысты қабылдайтын формаға мұқият құлақ салу арқылы шындыққа қолжеткізу әрекеті.

 

Тұжырым негізінде кездейсоқтықты философиялық түсінік және көркем құрал ретінде зерттеу тәжірибесі; сызықтық уақыт пен субъект-объектілі қатынастар идеясына иек артатын «болжаудың» логикасы мен нәтижесін ой елегінен өткізу жатыр. Тоғыз өрісті тақтаның тарихы шумер-аккад мифологиясынан бастау алады,. Онда  «Жел әміршісі» аңызының желісіне сәйкес, Энлил құдайы адамдарға тақтаға жазылған тағдыркесті «Ұлы Дүние Заңын» ашты. Заң адамның жосығына ешқандай талаптар қоймады, бірақ әлемдік тәртіптің құрылымын сипаттап, осылайша адам өмірінің барлық саласында қолдануға болатын білімді алып келді.

 

Бірлескен пәнаралық шығармашылық топтың нәтижесі – жазбаша нұсқауда бекітілген көркем шығарманың авторлық алгоритімін жасау болды. Перцепципв зерттеу ортасы жаңадан пайда болған хабарды жинақтап, оны бағыттайтын акустикалық аспаптар, электронды музыка, техниканың бағдарламаланған дыбысы мен көрнекі-орындаушылық қатардың көмегімен құрылады.

 

Құмалақ ашу дәстүрі бойынша жоба үш бөлімнен тұрады. Құмалақшы тақтаға құмалақтарды орналастырады, әр тастан шыққан мағына графикалық партитуралар мен миди хабарламаларға аударылады. Музыканттар экрандағы символдарды оқып, әр өріске қандай мағына шыққанына байланысты әркім өзінің партиясында ойнай бастайды. Жобаның шу бөлігі тік бағыттауыштарға орнатылған екі басқарылатын дрон арқылы көрсетілген.

 

EEGERU заманауи музыка ансамблі мен bULt жұмыс тобының, сондай-ақ ::vtol:: қатысуымен өткізген эксперименті – кездейсоқ символдардың мағыналарына бірлесіп шолу жасау және оның соңынан дыбысты қабылдайтын формаға мұқият құлақ салу арқылы шындыққа қолжеткізу әрекеті.

Тұжырым негізінде кездейсоқтықты философиялық түсінік және көркем құрал ретінде зерттеу тәжірибесі; сызықтық уақыт пен субъект-объектілі қатынастар идеясына иек артатын «болжаудың» логикасы мен нәтижесін ой елегінен өткізу жатыр.

 

Зерттеу міндеттері логика принциптеріне негізделіп, себеп-салдарлық байланыстан тыс әрі ерік бостандығы тұжырымы онымен қалай байланысты болады?

 

таңдау мүмкін болса, қалай жасалады, субъект өзінің шартты әрекетінен тыс бола ала ма?

беймүмкін музыканың шегіне қалай кіру керек, және онда қандай мүмкіндіктер қолжетімді болады?

 

қабылдау көзі туралы мәселе барынша ашық болатындай әсер ету мүмкін бе?

 

Техникалық тұрғыдан сәуегейлікті графикалық партитураға айналдыру музыканттарға перформанс үшін жасалған бағдарламалардың көмегімен жүзеге асады. Арнайы тақтаның үстіне орнатылған камера болжам жасау сәтінде әрбір ұяшықтағы тастардың орны мен санын таниды. Олардың саны мен әрбір ұяшықтағы көрнекі орналасуын талдағаннан кейін, алгоритм әрбір музыкант үшін графикалық партитуралар құрады, музыканттар партияны алдарында тұрған экрандардан көреді. Партитураны құру кезінде алгоритм бір ұяшықтағы тастардың санын ғана емес, сонымен қатар көршілес ұяшықтардың әрқайсысында қанша тас бар екенін де ескереді, сондай-ақ диагоналдарды қолданып, тастардың әр ұяшықта жату ерекшелігіне қарай оларды бір сызықта санап та шыға алады. Яғни,  алгоритм тақтаны қарастыру арқылы алуға болатын мүмкін параметрлердің шекті санына сүйенеді. Партитуралардың өзі екі түсті үзік сызықтарға ұқсайды (ақ және қызыл). Ақ түс – дыбыстың жиілігін, қызыл түс еркінше шу ойнатуға болатынын, ал сызықтың жоқтығы тыныштықты (пауза) білдіреді. Қарқын сондай-ақ алгоритмге байланысты болады, және барлық музыканттар үшін бірдей болуы немесе полиырғақтар мен әртүрлі қарқындарға бөлінуі мүмкін.

 

Қатысушылар

Асель Шалдибаева, тұжырым адепті

Раушан Джуманиязова, дыбыс эксперті

Санжар Байтереков, композитор-жетекші

Ануар Дуйсенбинов, мағына синтезаторы

Дмитрий Морозов, алгоритм суретшісі 

Рустем Мырзахметов, метакомпозитор 

Сабина Фаттах, математик-құмалақшы

Ержан Кушанов, флейта

Дамир Буркитбаев, кларнет

Еркебулан Сапарбаев, скрипка

Павел Тарасевич, альт

Эльдар Айтбеков, виолончель

Макпал Манасбаева, қыл қобыз, нар қобыз

 

EEGERU

EEGERU ансамбілін 2015 жылы пікірлестер тобы құрған, Қазақстанда заманауи музыка бойынша алғашқы және жалғыз ансамбль. Музыкалық ойлаудың заманауи түрлеріне деген құштарлық біріктірген EEGERU тобының ерекшелігі – оның мүшелері еуропалық аспаптарда да (флейта, кларнет, фортепиано, скрипка, виолончель), ұлттық аспаптарда да (қылқобыз) ойнайды.

bULt

bULt жұмыс тобының болмыс мақсаты – Bult Mentaldyq Technologia-сын қолданып, Рейв Кеңістігінде далалық сынақтар жүргізе отырып, Шындықтың алғашқы тірексіз Табиғатын зерттеу және ашу. Рейв кеңістігін зерттеу мен мекендеудің маңызды бөлігі – болмысқа ешқандай себептің қажет еместігіне куә болу және тойлау.

::vtol::

::vtol:: (Дмитрий Морозов) - Мәскеуден келген өнерпаз және зерттеуші. Өнер, ғылым және техниканың тоғысында жұмыс істейді, роботты қондырғылар жасайды

bottom of page